378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та алапат дауылдан 5 адам қаза тапты

  • 165
  • UPD: 19:51, 20.04.2019
АҚШ-та алапат дауылдан 5 адам қаза тапты

АҚШ-тың оңтүстігінде алапат құйын 5 адамның өмірін қиды. Олардың арасында 8 жастағы қыз бала бар.

Оны дауыл құлатқан тал басып қалған. Тағы бір 12 жастағы бала дәл осындай жағдайда жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Табиғат апатынан келген шығын көп. Құйын электр желілерін үзіп, Алабама, Миссисипи, Луизиана, Техас штаттарында 150 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.

Хабар 24 телеарнасы