379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада президенттік сайлаудың екінші туры өтіп жатыр

  • 213
  • UPD: 17:27, 21.04.2019

Украинада президенттік сайлаудың екінші туры өтіп жатыр.

Сайлаушылардың белсенділігі қалай, экзитполдың жұмысы жайлы не айтуға болады? 

Аида Қыдырбай, тілші:

- Қайырлы күн! Біз жаңа ғана президенттікке үміткер зеленскийдің жұбайымен келіп, дауыс бергенін түсірдік. Көңіл күйім көтеріңкі, сайлау-  әділ өтеді деп үміт артам деді. Ал ұлттық экзитполдың сарапшы маманы - Юрий Горбань - қанша сайлау учаскесі ашылды және экзит полдың жұмысы туралы интервью кезінде айтып береді. Тыңдап көрейік

Юрий Горбань, ұлттық экзитполдың сарапшы маманы:

- Сайлау учаскесімен бірге ұлттық экзитполдың жұмысы таңғы сегізден басталды. Біздің институттың 700-ге жуық маманы Укранада ашылған 300 сайлау учаскесінде жұмыс жасап жатыр. Экзитполдың ең негізгі мақсаты- сайлаудың әділ және таза өтуін қадағалау. Бүгін біз сайлау учаскесінен дауыс беріп шыққан 13 мың адамнан сұрақ аламыз. Біздің ақпарат сондықтан дәл және циктің мәліметтерімен бірдей болып келеді, әдетте айырмашылық бір пайыз ғана. 

Аида Қыдырбай, тілші:

- Украина президенттігіне сайлаудың бірінші тура 31 наурызда ұйымдастырылған. Еш кандидат 50 пайыз дауыс жинаған жоқ, сондықтан бүгінгі сайлаудың екінші кезеңінде президенттің кім екені анықталмақ. Экзитполдың алғашқы нәтижесі нур сұлтан уақыты бойынша 9, ал Киевте алты болғанда анықталмақ. Біз өз кезегінде, ақпаратты жылдам жеткізуге тырысамыз.  

Хабар 24 телеарнасы