379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтуде

  • 170
Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтуде

Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық төменгі палатаның 350 депутаты мен 208 сенаторын таңдайды. Додаға 80 партия мен одақ түсуде. Бүкіл ел аумағында 60 мың сайлау бөлімшесі ашылған. 37 миллионға жуық тұрғынның дауыс беру құқығы бар. Сарапшылардың айтуынша, додада ешбір саяси топ үкіметті құрылымдауға қажетті дауысты жинай алмайды. Сондықтан елде коалициялық үкімет құрылуы мүмкін. Бұдан бөлек, сарапшылар 80 партияның ішінен парламентке тек оншақты саяси күш өтеті деп болжап отыр. Айта кетейік, Испанияда парламенттік сайлаудың мерзімнен бұрын өткізілуіне алдыңғы заң шығарушы органның бюджет жобасын бекітпей қоюы себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы