379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконг халқы экстрадиция туралы заңға қарсы акция ұйымдастырды

  • 267
Гонконг халқы экстрадиция туралы заңға қарсы акция ұйымдастырды

Гонконг тұрғындары наразылық акциясына шықты. Шараға 130 мыңға жуық адам қатысты.

Парламент ғимаратының алдында жиналғандар «Экстрадиция» туралы заң жобасында енгізілетін өзгертулерге қарсылық білдірген. Құжат мақұлданса, Қытай елінің заңын бұзғандарды құрлыққа экстрадициялауға рұқсат берілетін болады. Айта кетейік, наразылық акциясы осы айда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Әзірге құжат заң шығарушы кеңестің қарауында жатыр.

Хабар 24 телеарнасы