378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда «Фани» циклоны 3 адамның өмірін қиды

  • 116
  • UPD: 10:08, 04.05.2019
Үндістанда «Фани» циклоны 3 адамның өмірін қиды Sputnik Армения

Жойқын дауыл салдарынан ағаштар құлап, үйлердің шатырлары ұшып кеткен.

Елдің шығыс жағалауында порттар жабылып, әуе мен теміржол қатынасы тоқтады. Абырой болғанда, ел билігі қауіпті жерлерден алдын ала 1 миллионнан аса тұрғынды эвакуациялап үлгерді.

Айта кетейік, Үндістанда тропикалық циклондар маусымы жыл сайын сәуір айынан желтоқсанға дейін жалғасады. Мәселен, 1999 жылы жойқын дауыл 30 сағатқа созылып, 10 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы