379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстан президенті тәліптерді атысты тоқтатуға шақырды

  • 101
Ауғанстан президенті тәліптерді атысты тоқтатуға шақырды

Ауғанстан билігі «Талибан» радикалды қозғалысын Рамазан айында атысты тоқтатуға шақырды.

Мұндай үндеу «Лойя Джирга» жиынының 5 күндік отырысында қабылданды. Бұдан бөлек, халық өкілдерінің құрылтайы Үкіметке аталған топпен бейбіт келіссөз жүргізудің қажеттігін жеткізді. Бірақ шешімнің бәрі Үкіметке тек кеңес ретінде ұсынылған. Ал тәліптер президент Ашраф Ганидің атысты тоқтату туралы ұсынысынан бас тартып, оның орнына АҚШ-тың әскери әрекетін тыюға шақырды. Айта кетейік, Ауғанстандағы «Талибан» радикалды қозғалысы осы уақытқа дейін ресми билікпен тікелей бейбіт келіссөз жүргізбей келеді. Себебі олар Кабулдағы үкімет АҚШ-тың ықпалында деген пікірде.

Хабар 24 телеарнасы