Шри-Ланкада терең шұңқырға құлап, одан шыға алмай қалған пілдің екі төлі құтқарылды.
Кішкентай жануарларға көмекке келген құтқару жасағы пілдерді экскаватор арқылы шұңқырдан шығарып алды. Бір қызығы, кішкентай пілдің бірі бірден анасына барып қосылса, екіншісі біраз уақыт бойы жиналған адамдардың айналасынан шықпай жүріп алған. Ақырында ауыл тұрғындары мен құтқарушылар арнайы әдіс арқылы жануарды анасына қосты.