388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда мемлекеттік қызметшілер ереуілге шықты

  • 369
  • UPD: 10:03, 11.05.2019
Францияда мемлекеттік қызметшілер ереуілге шықты

Францияның 200 мыңнан аса әртүрлі мемлекеттік құрылым қызметкерлері қоғамдық ереуілге шықты.

Себеп мемлекеттік қызмет реформасы қарастырылған жаңа заң жобасы. Кәсіподақ, бұл жаңа заң мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын қиындатып, халыққа қызмет көрсету сапасын нашарлатады деп алаңдайды. Бәрінен бұрын реформадан аймақтар зардап шеккелі отыр. Қазірдің өзінде мегаполис сыртындағы мектептер, ауруханалар, басқа да мекемелер кадр тапшылығын көруде. Төмен жалақы мен қызметкерлерге шамадан тыс ауыртпалықтың жүктелуі мемлекеттік сектордың мәртебесіне кері әсерін тигізуде. Кәсіподақ дерегі бойынша, жергілікті деңгейдегі бюджет қызмкеткерлерінің 70% тұрақсыз жұмыс келісімшарты негізінде еңбек етеді. Бұл аймақтағы тұрмыс сапасын көрсетеді. Жеңілдетілген демалысқа да реформалаудың қаупі төніп тұр. Алдағы аптада даулы заң жобасы Ұлттық Ассамблеяда қаралады. Кәсіподақ осы ереуіл арқылы Ассамблея шешіміне әсер еткілері келеді.

Абденби Месауди, мектеп мұғалімі:

-Жалақымыз талай жылдан бері өзгерген жоқ. Бірақ әр жылда инфляция бар. Мысалы, біз 10 жылда жалақымыздың 25%-ын жоғалтамыз. Бұл ақшалар банктің қалтасына кетеді. Біз бұған қарсымыз!

Жан-Люк Буланже, спорт кеңесшісі:

-Біз әлеуметтік секторды, оның ішінде, жастар спортын құтқаруға келдік. Мұнда проблема бар. Біздің жастар мемлекеттік қызмет үшін көп қаражат төлейді.

Хабар 24 телеарнасы