378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады

  • 95
  • UPD: 17:04, 11.05.2019
Жерорта теңізінде мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады TRT

Жерорта теңізінде мигранттар мінген шағын кеме апатқа ұшырап, 70-ке жуық адам қаза тапты.

Тағы 16 босқын құтқарылды. Оқиға Тунистің Сфакс қаласына 75 шақырымдай жерде болды. Босқындар Ливияның Зуара портынан бейсенбі күні шыққан. Бірақ белгісіз жағдайда апатқа ұшыраған. Қазір оқиға болған ауданда іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, сәуір айының ортасынан бастап Ливиядан Еуропаға бет алған мигранттар легі қайта көбейді. Оған осы елдегі әскери қақтығыстар себеп. Ал ресми дерекке сүйенсек, өткен жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 120 мың келімсек өтіп, жолда 2300 мигрант опат болған.

Хабар 24 телеарнасы