389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Албания тұрғындары жаңа сайлау өткізуді сұрап отыр

  • 337
Албания тұрғындары жаңа сайлау өткізуді сұрап отыр

Албанияда үкіметке қарсы наразылық шеруі өтті.

Адамдар Үкімет ғимаратының алдына жиналып, отшашулар атып, жанғыш бөтелкелер лақтырды. Полиция шерушілерге қарсы күш қолданып, 20 адам жарақат алды. Ал наразылық акциясына қатысушылар үкіметтің отставкаға кетіп, биліктің ауысуын талап етуде. Тұрғындар Премьер-министр Эди Раманы ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысты деп отыр. Және де елде жаңа сайлау өткізуді сұрауда. Үкімет басшысы болса бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Айта кетейік, Албанияда билікке қарсы наразылық акциясы 2 айдан бері жалғасып келеді.

Хабар 24 телеарнасы