389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжіңнің АҚШ-пен сауда дауына қатысты өз түйгені бар

  • 351
  • UPD: 08:39, 14.05.2019
Бейжіңнің АҚШ-пен сауда дауына қатысты өз түйгені бар

Қытай сауда дауында сыртқы қысымның құрбаны болмайтынын мәлімдеді.

Алайда ел билігі Вашингтон тауарларға қатысты жаңартылған тарифті енгізген жағдайда ресми Бейжіңнің АҚШ-қа қандай қарсы шара қолданатыны туралы тіс жармады. Екі ел арасындағы сауда соғысы Дональд Трамптың өткен аптадағы «Бейжің саудадағы келісімді бұзды» деген мәлімдесемінен соң өрши түскен еді. Айыптаудан соң АҚШ билігі Қытай тауарларына қатысты салық тарифін 200 миллиард долларға дейін көтеретінін хабарлаған болатын. Бейжіңдегі брифингте сөйлеген сөзінде Қытайдың сыртқы істер министрлігі өкілі Гэн Шуан тарифті көтергеннен мәселенің шешілмейтінін айтты.

Гэн Шуан, Қытай СІМ өкілі:

- Қытай тауарларына қатысты салықты өсіргенімен түйткілді мәселе шешілмейді. Бізде тиісті шешімдер мен саудадағы құқымызды қорғайтын қабілет бар. АҚШ қарым-қатынастағы барлық жағдайды ескеріп, қос тарапқа да тиімді жағдай тудыратын келісімге келеді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы