378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАӘ-де мұнай құбырына дрондармен шабуыл жасалды

  • 100
БАӘ-де мұнай құбырына дрондармен шабуыл жасалды

Сауд Арабиясының орталық мұнай құбырына дрондармен шабуыл жасалды.

Бұл туралы осы елдің Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед әл-Фалех мәлімдеді. Айтуынша, шабуыл жергілікті уақытпен таңғы сағат алтылар шамасында жасалған. Дрондар корольдіктің шығысында орналасқан мұнай құбырын нысанаға алып, нөмірі сегізінші станцияда өрт шыққан. Эр-Рияд шабуылды лаңкестік деп бағалап, оған Йемендегі хуситтердің қатысы болуы мүмкін деп отыр. Еске сала кетейік, осыдан үш күн бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикалық аймағында 4 танкерге қастандық жасалды. Әзірге шабуылды кім ұйымдастырғаны белісіз. Бірақ АҚШ бұның артында Иран тұр деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы