378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания парламенті брексит келісімін келесі айда талқылайды

  • 59
Ұлыбритания парламенті брексит келісімін келесі айда талқылайды Переправа

Премьер-министр Тереза Мэй елдің Еуроодақтан шығу туралы келісім жобасын парламенттің талқылауына маусымның бірінші аптасында ұсынатын болды.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Үкімет басшысы өкілінің айтуынша, мұндай шешім Тереза Мэйдің оппозиция жетекшісі Джереми Корбинмен жүргізген келіссөз қорытындысы бойынша қабылданған. Айта кетейік, Еуропалық одақ өткен айдың бас кезінде Ұлыбританияның ұйымнан шығу мерзімін қазанның 31-іне шегерген болатын. Себебі қауымдар палатасы үкіметтің брексит туралы келімісшартын 3 рет талқылап, қабылдамай тастаған.

Хабар 24 телеарнасы