378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда жүргізушісіз басқарылатын жүк көлігі жолға шықты

  • 84
  • UPD: 15:20, 16.05.2019
Швецияда жүргізушісіз басқарылатын жүк көлігі жолға шықты

Швед компаниясы жүргізушісіз басқарылатын электр жүк көлігін қолданысқа шығарды.

Бұндай тәжірибе әлем бойынша алғаш рет жасалып отыр. T-Pod деп аталатын электр жүк көлігі 15 түпқойма мен салмағы 20 тонна болатын жүкті 200 шақырым қашықтықта тасымалдай алады. Мамандардың айтуынша, көлікте кабинаның болмауы әдеттегі дизельді көліктерге кететін шығынның 60 пайызын үнемдейді. Енді жоба авторлары бұл темір тұлпарға тапсырыс беретін тұтынушылар мен көліктердің тұрақтайтын алаңын салу үшін инвесторларды іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы