378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда СІМ-нің 249 қызметкері қамауға алынады

  • 221
Түркияда СІМ-нің 249 қызметкері қамауға алынады

Анкара республикалық прокуратурасы, ФЕТО лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен сыртқы істер министрлігінің 249 қызметкерін тұтқындау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы қарар Анкара Бас прокуратурасының ресми парақшасында жарияланды. Оған сәйкес тергеу күдіктілер 2010, 2011, 2012 және 2013 жылдары министрлік сынақтарын ФЕТО-мен ынтымақтастық арқасында сәтті тапсырғанын анықтаған. Қазірдің өзінде елдің 42 провинциясында рейд жүргізіліп, нәтижесінде 78 кісі ұсталды. Тағы 171 күдіктіні іздестіру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Айта кеткен жөн, Түрік билігі 2016 жылдың 15 шілдесінде төңкеріс әрекетін дін уағызшысы Фетхуллах Гүлен мен жақтастары ұйымдастырғанын алға тартады. Қазіргі таңға дейін 125 мыңнан астам кісі ФЕТО лаңкестік ұйымына қатысы бар деп айыпталып, мемлекеттік қызметтен шығарылды. 2 мың 700-ден астам мекеме мен ұйымдар жұмысын тоқтатты. 30 мыңнан астам кісі бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы