378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде президент сарайының маңында жарылыс болды

  • 150
  • UPD: 07:37, 23.05.2019
Сомалиде президент сарайының маңында жарылыс болды

Сомали астанасында қастандық жасалды. Президент сарайының жақын жерде бомба жасырылған көлік жарылып, 6 адам қаза тапты.

Тағы 13 тұрғын жарақат алды. Бомба полицейлер көлікті тексеріп жатқанда іске қосылған. Шабуылды «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы өз мойынына алыпты.  Айта кетейік, «Аш-Шабаб» Сомали аумағында 2004 жылдан бері әрекет етеді. Олардың мақсаты АҚШ және Эфиопияның қолдауымен құрылған үкіметті құлату.

Хабар 24 телеарнасы