389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада құйынды дауылдан 1 адам қаза тапты

  • 347
  • UPD: 07:42, 23.05.2019
Польшада құйынды дауылдан 1 адам қаза тапты

Польшаның Люблин өңірі сейсенбі күні соққан алапат құйынның салдарымен күресіп жатыр.

Дүлей жел қас-қағым сәтте 120 ғимаратты ойрандап, тас талқанын шығарып кетті. Олардың 50-ге жуығы тұрғын үй. 1 адам опат болды. Құйын электр бағаналары мен талдарды құлатып, кей мекендерден жарықсыз қалған. Табиғат апатының салдарымен күреске әскерилер жұмылдырылған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шығын зор. Жапа шеккендерге өтемақы төленетін болады.

Хабар 24 телеарнасы