383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропол есірткімен айналысқан ірі қылмыстық топты ұстады

  • 113
Еуропол есірткімен айналысқан ірі қылмыстық топты ұстады

Еуропол кәрі құрлықта есірткі және жалған темекі өнімдерін сатумен айналысқан ірі қылмыстық топты ұстады.

Арнайы операция кезінде 22 адам тұтқындалды. Ұйым Испанияда қолға түсті. Шара барысында 40-тан астам нысанда тінту жүргізіліп, 8 миллион еуро, алтын, күміс және басқа да асыл тастар тәркіленді. Ал мәліметке қарағанда, бұл топ есірткі мен жалған темекі өнімдерінің көбін Ұлыбританияда өткізіп, түскен пайданы Польшаға жіберіп отырған. Және де өзара байланыс үшін құпия құралдарды пайдаланған. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы