389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрияда саяхатшылар отырған кеме апатқа ұшырады

  • 274
  • UPD: 09:56, 30.05.2019
Венгрияда саяхатшылар отырған кеме апатқа ұшырады Телеканал Звезда

Венгрияның Дунай өзенінде бортында 34 турист отырған кеме аударылып түсті.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апаттан 7 адам мерт болды. Олардың саны әлі де өсуі мүмкін. Тағы 7 адам ауруханаға түсті. Ал қалған туристердің тағдыры беймәлім. Белгілі болғандай, серуендеуге шыққан теңіз көлігінде 32 Оңтүстік Корея тұрғыны мен 2 экипаж мүшесі отырған. Оқиға парламент ғимаратының маңында орын алды. Қазір құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы