382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта жарылыстардан 6 адам мерт болды

  • 105
Иракта жарылыстардан 6 адам мерт болды ANNA-News

Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласында 6 бірдей жарылыс болды.

Лаңкестік оқиғадан 6 адам жан тапсырды. Ақпарат көздері бұған дейін 3 тұрғын мерт болғанын хабарлаған еді. Жарақат алған 12 адам дәрігерлердің жіті бақылауында. Белгілі болғандай, шаһардың әртүрлі аймақтарында орнатылған жарылғыш заттар бір уақытта іске қосылған. Ирактың әскери қызметі тағы екі бомбаның көзін жойды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жергілікті билік тұрғындарға жарылыс болған жерлерге жоламауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы