389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехия халқы Андрей Бабиштің отставкаға кетуін талап етті

  • 200
Чехия халқы Андрей Бабиштің отставкаға кетуін талап етті

Прагада Чехия премьер-министрі миллиардер Андрей Бабиштің отставкаға кетуін талап еткен халық наразылық акциясына шықты.

Шеруге қатысқан мыңдаған адам Вацлав алаңына жиналды. Наразы халық премьер-министрді Еуропа одағынан дотация алуда қаржыны теріс мақсатта пайдаланды деп айыптады. Естеріңізге салайық, Бабиш – агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі бизнесмен. Ол осыдан он жыл бұрын Еуропа одағынан шағын бизнесті дамыту үшін алаяқтық жолмен екі миллион еуро көлемінде субсидия алды деп айыпталуда. Субсидия алу кезінде заң бұзылғанын Еуропаның алаяқтықпен күрес бюросы да растаған. Ал Бабиш болса, тағылған айыпты мойындамай, оның саяси астары бар деген пікірді алға тартады.

Хабар 24 телеарнасы