384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтонда тасқа айналған жануарлардың мұражайы ашылды

  • 104
  • UPD: 10:03, 06.06.2019
Вашингтонда тасқа айналған жануарлардың мұражайы ашылды

Ғимарат 5 жыл бұрын жөндеу жұмыстарына жабылған еді.

Оған 110 млн АҚШ доллары жұмсалды. Оның ауданы 3 мың шаршы метрді құрайды. Жаңадан ашылған мұражайда жер бетінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктердің 700-ден астам түрі орналастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспозицияның көбі уақытша Канададағы ғылыми көркемөнер орталығында сақталды. Онда динозаврлардың көбі тазалау-жөндеу жұмыстарынан өтті. Енді мұражай есігі маусымның 8-інен бастап ашық.

Хабар 24 телеарнасы