379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада мигранттарды тоқтату үшін шекараға 6 мың сарбаз тартылады

  • 157
  • UPD: 09:50, 08.06.2019
Мексикада мигранттарды тоқтату үшін шекараға 6 мың сарбаз тартылады

Мексика билігі ұлттық ұланның 6 мың сарбазын елдің оңтүстік шекарасына жібермек ниетте.

Бұл ақпаратты осы елдің сыртқы істер министрлігі де растады. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Дональд Трамптың Мексика тауарларына 5 пайыз салық саламын деген мәлімдемесінен кейін қабылданды. Естеріңізге салайық, жуырда Ақ үй басшысы Мексика билігі шекараға ағылған заңсыз мигранттар легін тоқсатпаса, 10 маусымнан бастап осы елден импортталатын тауарға 5 процент баж салығы салынады деген шарт қойған болатын. Бұл аздай, тариф 25 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Алайда құрама штаттардың сес көрсетуіне қарамастан, АҚШ аумағына ағылған келімсектер нөпірі тоқтар емес.

Хабар 24 телеарнасы