378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда манго фестивалі басталды

  • 193
Үндістанда манго фестивалі басталды

Үндістанның Бхопал қаласында манго жемісінің фестивалі басталды.

Мерекелік шараға қатысушылар түрлі сұрыптағы мангоның дәмін татып, жеміс туралы көбірек мағлұмат ала алады. Фестиваль ұйымдастырылған жерді таңдаудың да өзіндік себебі бар. Жалпы манго Үнді халқының басты символы саналады. Аңыз бойынша бұл жемісті Шива құдайы өзінің сүйкті жары Парватиге сыйға тартқан. Үндістанда тілдің неше диалектісі болса, мангоның да соншалықты түрі бар. Яғни жемістің аңқыған хош иісі мен түр-түсіне қарай мыңнан астам сұрпы таралған.

Хабар 24 телеарнасы