382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада психиатриялық ауруханадағы өрттен 6 адам ажал құшты

  • 88
  • UPD: 07:40, 12.06.2019
Украинада психиатриялық ауруханадағы өрттен 6 адам ажал құшты

Одессада болған өрттен тағы 4 азамат ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Өрт кезінде ғимаратта жалпы саны 51 адам болған. Эвакуацияланған науқастар басқа медициналық мекемелерге көшірілді. Алдын ала нұсқа бойынша, өрт әдейі ұйымдастырылған болуы мүмкін. Қазір полицейлер мекемеде тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ техникалық-өрт сөндіру құжаттамаларын да тексеруде.

Хабар 24 телеарнасы