384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда америкалық тауарларға баж салығы енгізілді

  • 161
Үндістанда америкалық тауарларға баж салығы енгізілді Российская газета

Үндістанның америкалық тауарларға енгізген баж салығы бүгін күшіне енді.

Сөйтіп Дели АҚШ-тан импортталатын 29 өнімге қосымша ақы талап етіп отыр. Олардың арасында бадам, алма, грек жаңғағы сынды өнімдер бар. Ал Үндістан америкалық бадам мен алманы ипорттаушы негізгі мемлекет болып саналады.

Ресми дерекке сүйенсек, 2018 жылы Дели Құрама Штаттардан 543 миллион долларға бадам сатып алған. Бұл АҚШ-та өндірілетін осы дәннің жартысынан көп бөлігі. Үнді тарапы осы арқылы Вашингтон енгізген баж салығынан келетін шығынды жабуды көздейді.

Еске сала кетейік, екі ел арасындағы сауда қатынасы былтыр АҚШ-тың Үндістаннан әкелінетін болат пен алюминийге баж салығын енгізгеннен бастап шиеленіскен.

Хабар 24 телеарнасы