384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлға оппозициялық партия өкілі мэр болып сайланды

  • 182
  • UPD: 11:24, 25.06.2019
Ыстамбұлға оппозициялық партия өкілі мэр болып сайланды

Түркияның жоғарғы сайлау комиссиясы Ыстамбұлда қайта өткен жергілікті сайлаудың қорытындысын жариялады.

Оған сәйкес, Республикалық халық партиясының кандидаты Экрем Имамоглу халықтың 54,21% дауысын жинап, жеңіске жетті. Ал оның бас қарсыласы Әділет және даму партиясының үміткері Бинали Йылдырымға сайлаушылардың 44,99%-ы дауыс берген. Осылайша 25 жыл араға салып, түріктің ең ірі мегаполисі- оппозициялық партияның басқаруына өтті. Айта кеткен жөн, саяси додаға қатысушылар үшін Ыстамбұл стратегиялық тұрғыдан маңызды. Өйткені, шахарда 10 миллион 560 мың 963 сайлаушы тіркелген.  Ел президенті Режеп Тайып Ердоған да бір кездері саяси мансабын тап осы Ыстамбұл мэрі болып бастаған. Мамандардың айтуынша, жаңа сайланған мэрдің де болашағы жарқын. Елде 2023 жылы өтетін Президенттік сайлауда жеңіске жетуі әбден мүмкін.

Бусе Чалышкан, сайлаушы:

- Экрем Имамоглу сайлауда екінші рет жеңіске жетіп, әділеттілік орнады. Соңғы кезеңде жұлдызы жарқыраған жас саясаткер. Алдағы уақытта президентіміз болуы мүмкін.

Барыш Аракан, сайлаушы:

- Бүгін үлкен өзгеріс орын алды. Сайлаудың қорытындысына елдің экономикалық жағдайы әсер етті деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы