384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та алғаш рет электронды темекіге тыйым салынды

  • 387
  • UPD: 23:14, 26.06.2019
АҚШ-та алғаш рет электронды темекіге тыйым салынды blogspot.com

Сан-Франциско АҚШ бойынша электронды сигарет сатуға тыйым салынған тұңғыш қала болды. 

Бұл тыйым электронды темекінің тұрғындар денсаулығына тигізетін әсеріне зерттеу жүргізілмейінше жалғаса береді. Сондай-ақ тыйым Американың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау жөніндегі басқармасының қауіпсіздік сертификатын алмаған құрылғыларға қолданылады. Қазіргі уақытта мұндай сертификат электронды сигарет өндіретін бірде-бір компанияда жоқ.

Айта кету керек, АҚШ бойынша электронды шылым өндірісімен айналысатын ең ірі Juul Labs компаниясы Сан-Францискода орналасқан.

BBC

Хабар 24 телеарнасы