389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурятияда апатты жағдайда қонған ұшақта 2 адам қаза тапты

  • 239
  • UPD: 08:31, 28.06.2019
Бурятияда апатты жағдайда қонған ұшақта 2 адам қаза тапты

Бурятияда жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Салдарынан екі адам қаза тапты.

Олар экипаж командирі мен бортмеханик. Сондай-ақ 30-ға жуық жолаушы зардап шекті. Жалпы рейс бортында 47 жолаушы болған. «Ангара» әуе компаниясының  Улан-Удеден шыққан Ан-24 ұшағы қонарда Нижнеангарск әуежайының ұшу жолағынан шығып кеткен. Артынша ғимаратқа соғылып, өртене бастапты. Өз кезегінде әуе кемесінде ақау барын ұшқыштар көкте болғанда хабарлаған. Сондықтан, лайнердің жерге қонуы кезінде оны дәрігерлер мен өрт сөндірушілер күтіп тұрды. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ұшақтың жерге қонуы кезінде қозғалтқыштардың бірі істен шығыпты.

Хабар 24 телеарнасы