383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда торнадодан 6 адам қаза тапты

  • 219
  • UPD: 07:28, 05.07.2019
Қытайда торнадодан 6 адам қаза тапты yandex.kz

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында алапат құйын соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 6 адам қаза тапты. 200-ге жуық азамат зардап шеккен. Құйын ұйытқыған сәтте желдің жылдамдығы секундына 23 метрге жетіпті. Табиғаттың алапат күшінен 3600 үй бұзылып, электр желілері үзілген. Қазір қала билігі төтенше жағдайға байланысты құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы