383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда автофургон мен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам қаза тапты

  • 176
  • UPD: 23:23, 06.07.2019
Үндістанда автофургон мен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам қаза тапты

Сенбі күні Үндістандағы Уттар-Прадеш штатында жолаушылар мінген автофургон жүк көлігімен соқтығысып, кем дегенде сегіз адам мерт болып, тағы екеуі ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды Қазақпарат The Times of India газетіне сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай, Аурайя округі аумағында болған. 

Басылым ақпаратына қарағанда, мерт болғандардың бесеуі - жергілікті мектептің мұғалімдері. Олар сабаққа бара жатқан.

Полиция апат орнынан ізін суытқан жүк көлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы