384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киевте құрылысы ерекше көне фонтандар сақталып қалған

  • 189
  • UPD: 22:09, 08.07.2019

Киев қаласының жергілікті тұрғындары шаһардың фонтандарын жіті қадағалауға көшті.

Олар қандай да бір ақауды көрсе, бірден билік өкілдеріне хабарлап, кешенді кешікпей жөндеуді талап етеді. Украинадағы фонтандар билейді, олар түрлі-түсті жарықпен көмкерілген және әуезді болып келеді.

Киевтің «Подол» деген көне ауданы ескі ғимараттарымен ғана емес сұлу субұрқақтарымен де танымал. Жергілікті тұрғындар мұндағы әр фонтанын қызғыштай қорып келеді. Айталық, мына бір фонтан орнына әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған еді, алайда Подол тұрғындары бұған жол бермеді. Мыңдаған адам жергілікті билікке хат жазып, көне фонтан жұмысын қайта жандандыруды талап еткен.

- Мына жерде Қоршау болған , кейіннен мектеп әлде шіркеу салынады деп естідік. Алайда жергілікті тұрғындар құрылысқа жол бермей, көне фонтанды сақтап қалды.

Фонтанның жұмыс істегені жазда жаныңа сая. Әсіресе балалар дән риза.

Киев қаласы кешкі мезгілде түрлі-түсті жарықпен көмкерілген және әуезді фонтан кешендерімен де танымал. Қалада жиырмасыншы ғасырдың 70-жылдары салынған көне фонтандар да көп. Айталық, мына бір бірегей фонтандар тура су каналының үстінде салынған.

Карина Багинская, «Киев су қоры» коммуналдық кәсіпорынның баспасөз хатшысы:

- Бұл фонтан бірегей, өйткені жасанды су каналының үстіне салынған. Олардың су жинайтын қоймасы жоқ, суды өзеннің өзінен алады. Жергілікті тұрғындар өз ауданындағы фонтанның жұмысын жіті қадағалайды. Істен шығып қалса, бірден шағымданады. Біз сынып қалған субұрқақты тез жөндеуге күш салып келеміз. 

Украинадағы көне фонтандарды күрделі жөндеуден кейін музыкалық бағандармен жабдықтауды жергілікті коммуналдық қызметтер қолға алған. Фонтан репертуарында көбіне әлемдік және украина әндері жинақталған екен. Алайда жергілікті тұрғындар хат жазып, фонтанның ән қоржынын өздері қалаған әуенмен толықтыра алады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

Хабар 24 телеарнасы