384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайваньда панданың туған күні тойланды

  • 137
  • UPD: 11:46, 09.07.2019

Тайбэйдегі хайуанаттар бағында панданың туған күні аталып өтті.

Юань-зай есімді панда 6 жасқа толған. Сүтқоректі аралда туған тұңғыш панда екен. Дүниеге келген кезінде оның салмағы небәрі 200 грамм болған. Ал қазір 80 келіден асады. Бұл күні зообақ қызметкерлері оған арнап, ерекше мереке ұйымдастыруға тырысты. Олар хайуанаттар бағын панда бейнеленген шар, фотосурет, плакаттармен безендірген. Сондай-ақ панда үшін сәбіз, ананас пен қанттан арнайы торт әзірленді.

Айта кетсек, бүгінде үлкен панда Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының символы саналады. Қазір әлем бойынша олардың саны 2 мыңға жетер-жетпес. 

Хабар 24 телеарнасы