389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте экстрадициялау туралы заң сәтсіз деп танылды

  • 475
Гонконгте экстрадициялау туралы заң сәтсіз деп танылды Корреспондент.net

Гонконг билігі азаматтарды экстрадициялау туралы заң жобасы қайта қаралады.

Әкімшілік басшысы Кэрри Ламның айтуынша, бұл заң жобасы сәтсіз дайындалған. Айта кетсек, осыған байланысты аймақта бір ай бойы ереуіл өткен еді. Заңға сәйкес қала билігі қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматтарды құрлықтық Қытай сотына беруі тиіс болатын. Алайда экстрадиция туралы заңға қарсы халық наразылық білдіріп, Гонконгте жаппай тәртіпсіздік басталды. Олардың айтуынша, қылмыскерлерді құрлықтық Қытайға беруге болмайды. Себебі, онда тергеу жұмыстары азаптау және қысыммен өтеді.

Хабар 24 телеарнасы