384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Африкада жойқын жарылыстан 6 адам зардап шекті

  • 114
  • UPD: 10:53, 11.07.2019
Оңтүстік Африкада жойқын жарылыстан 6 адам зардап шекті

Кейптаунның солтүстігіне қарай 112 шақырым жерде орналасқан Вустер қаласында газ танкері бар жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан алты адам зардап шеккен. Оның ішінде өрт сөндірушілер де бар. Жойқын жарылыстан оқиға орнына жақын орналасқан ғимараттар мен дүкендерге де зақым келді. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жарылысқа жүргізушінің салғырттығы себеп болуы мүмкін. Куәгерлер де жүк көлігін басқарып келген ада кенеттен бағанаға соғылғанын айтады. Іске қатысты тергеу басталды.

 

Хабар 24 телеарнасы