386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Трамптың жарлығына қарсы ереуілшілер тұтқындалды

  • 194
  • UPD: 10:52, 16.07.2019
АҚШ-та Трамптың жарлығына қарсы ереуілшілер тұтқындалды

Нью-Йорк полициясы ереуілге шыққан 40 шақты адамды тұтқынға алды. АҚШ-тың иммиграциялық қызмет агенттігіне қарсы шыққан белсенділер 42-көше мен Манхэттендегі 5-Авенюді жауып тастаған.

Ереуілшілер иммиграция және кеден ісі жөніндегі агенттікті таратуды талап етті. Өткен аптада Ақ Үй басшысы Дональд Трамп америкалық азаматтығы жоқтарды анықтап, елден депортациялауға мүмкіндік беретін жарлық шығарған. Осылайша арнайы қызмет жасағы үшін мигранттарды жаппай тұтқындауға жол ашылды. Бұл өз кезегінде келімсектер мен адам құқығын қорғаушылардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Хабар 24 телеарнасы