386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда тұрғын үйдің опырылуынан көз жұмғандар саны артты

  • 166
  • UPD: 12:50, 17.07.2019
Үндістанда тұрғын үйдің опырылуынан көз жұмғандар саны артты

Мумбаида опырылып түскен 4 қабатты ғимарат астынан 10 адамның мәйіті табылды, де хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін оқыс оқиғада 4 адамның опат болғаны айтылған еді. Жарақат алғандар саны сегізге жетті. Құтқару жұмыстары қауырт жүргізілуде. Көрші аумақтың тұрғындары апаттық-құтқару жұмыстарына жұмылған.

Айта кетерлігі, бұл соңғы он күн ішінде құлаған екінші ғимарат. Бір ғасыр бұрын тұрғызылған нысанның әбден тозығы жеткен көрінеді. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы