386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есірткі бароны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • 162
Есірткі бароны өмір бойына бас бостандығынан айырылды News-24.ru

Нью-Йорк соты мексикалық есірткі бароны Эль Чапоны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

62 жастағы «Синалоа» картелінің бұрынғы басшысы Хокаин Гусман Лоэраға есірткі саудасын ұйымдастыру және оның айналымынан түсетін пайданы заңдастыру, қару-жарақ қолдану сынды бірнеше айып тағылған. Ол 2016 жылы Мексикада қолға түскен. Бір жылдан кейін Эль Чапо АҚШ билігіне табысталады. Жалпы, Усама Бен Ладеннің қазасынан кейін ергежейлі деген лақап атымен белгілі есірткі бароны Америкада №1 қылмыскер саналады. АҚШ прокуратурасының мәліметі бойынша, Эль Чапо 12 миллиард доллардқа жететін есірткі саудасын қыздырған. Осыған дейін есірткі бароны Мексикада екі рет сотталғанымен, екеуінде де амалын тауып түрмеден қашып шықты.

Хабар 24 телеарнасы