386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда экс-премьер қамауға алынды

  • 132
  • UPD: 12:16, 19.07.2019
Пәкістанда экс-премьер қамауға алынды

Пәкістанның жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі елдің бұрынғы премьер-министрі Хакан Аббасиді қамауға алды.

Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі хабарлады. Әзірге Аббасиді тұтқынға алуға нақты не негіз болғаны белгісіз. Бірақ қамауға алу ордерінің көшірмесінде бұрынғы премьердің жемқорлыққа байланысты айыпталып отырғаны жазылыпты. Ол елдің шығысында орналасқан Лахор қаласындағы баспасөз конференциясына бара жатқанда ұсталған.

Хабар 24 телеарнасы