386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

  • 155
Жапонияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

Халық заң шығарушы органның Жоғарғы палатасы депутаттарын таңдауда.

Сауалнамаға қарағанда, қазіргі премьер-министр Синдзо Абэнің «Либералдық-демократиялық партиясы» басым орынға ие болуы мүмкін. Егер қазіргі билік басындағы партия көпшілік орынды иеленсе, бұл Абэге конституцияға өзгеріс енгізуге жол ашады. Ол Жапонияның 1947 жылы қабылдаған әскер құру және әскери қимылдарды жүргізуден бас тарту туралы 9-бапты өзгертіп, елдің қарулы күштерін қолдану аясын кеңейтуді көздеп отыр.

Айта кетейік, Жапонияда Жоғарғы палатаға сайлау әр 3 жыл сайын өтеді.

Хабар 24 телеарнасы