386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пентагонның жаңа басшысы тағайындалды

  • 165
Пентагонның жаңа басшысы тағайындалды

Пентагонның жаңа басшысы тағайындалды.

Сенаттың қолдауымен АҚШ қорғаныс министрі лауазымына Марк Эспер келді. Айта кетейік, бұған дейін маусым айында Пентагонның уақытша басшысы Патрих Шанахан өз еркімен отставкаға кеткен еді. Ізінше, бұл орынға Дональд Трамп Эсперді ұсынған болатын. Жалпы бұл лауазымға Ақ Үй әкімшілігі желтоқсан айынан бері басшы іздеп келген еді. Марк Эспер – 1986-2007 жылдар аралығында әскерде болған. 1991 жылы Парсы шығанағындағы соғысқа қатысып, «Қола жұлдыз» медалімен марапатталды. 2017 жылдан бері Сенаттың қолдауымен АҚШ-тың құрлықтағы күштер министрі қызметін атқарып келген.

Хабар 24 телеарнасы