386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда туристер атқылап жатқан жанартау жанында селфи жасап жатыр

  • 142
  • UPD: 13:42, 29.07.2019
Италияда туристер атқылап жатқан жанартау жанында селфи жасап жатыр

Сицилиядағы Этна жанартауы қайта атқылай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көкке көтерілген күлдің түнгі көрінісі көптеген туристерді тәнті етті. Сол үшін адамдар атқылаған жанартау маңында селфиге түсу үшін осында келіп жатқан көрінеді. Жалпы жанартаудың жаңа ойығы таудың оңтүстік-шығыс беткейінде пайда болған. Отты таудан тасыған лава төменге өзен болып ағып жатыр.

Айта кетерлігі, қызыл шоқ пен күл бұл жанартаудан ұдайы шығып тұрады. Соңғы рет ең қуатты атқылау 1992 жылы болыпты.

Хабар 24 телеарнасы