386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватияда орман өрті елді мекендерге таяп қалды

  • 129
Хорватияда орман өрті елді мекендерге таяп қалды Турпром

Хорватияда орман өрті елді мекендерге таяп қалуына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймақтан тұрғындар мен туристер шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді.

Естеріңізге салсақ, өткен сенбі күні Шибеник қаласының маңындағы орман отқа оранған. Тек соңғы тәулік ішінде орманды алқаптың 900 гектары күлге айналды. Оған қоса қатты жел жағдайды одан сайын ушықтырды. Өртті сөндіруге тәртіп сақшылары мен әскерилер тартылған. Полицияның алдын ала болжамы бойынша, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан немесе қасақана қойылған болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы