386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гвинеялық шаруалар өнімсіз қалды

  • 113
Гвинеялық шаруалар өнімсіз қалды

Гвинеялық шаруалар қуаңшылықтың зардабын тартып отыр.

Маусымның орта шенінен бері күріш алқабын тазартып жүрген тұрғындар биыл өнімсіз қалатынын айтуда. Осылайша, жауынсыз өткен жаз шаруалардың еңбегін зая етті. Әдетте маусым-қыркүйек айлары мұнда жауын-шашынды болатын. Гвинея үкіметі жариялаған баяндамаға сәйкес, жаһандық климаттың өзгеруі жергілікті халықтың өмір сүру салтына кері әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені жыл сайын Гвинея орманды алқаптың 35 мың гектарынан айырылуда. Оған қоса, ауыл шаруашылығын дөңгелету қиындай түскен.

Куларе Мұхаммед, шаруа:

– Жаһандық климаттың өзгерісі өлкеміздегі жаңбырдың азаюына әкеп соқты. Сондықтан жер жыртып, дақыл өсіру тіптен қиындап кетті. Күріш отырғызып едік, бірақ биыл өнім ала алмайтын сияқтымыз. Себебі осы уақытта егінді оратын едік, биыл егін шықпай қалды.

Хабар 24 телеарнасы