Ливия жағалауында суға кеткен мигранттардың денесі табылды
- 525
- UPD: 09:10, 02.08.2019

Ливия жағалауында суға кеткен 20 мигранттың денесі табылды.
Марқұмдардың кемесі Жерорта теңізінде Триполиден 120 шақырымдай жерде апатқа ұшыраған болатын. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиға осыдан бір апта бұрын болды. Ал із-түзсіз жоғалғандарды құтқарушылар әлі де іздестіріп жатыр. Су астына кеткен кемеде жүздеген адам болған. Олардың нақты саны анықталып жатыр. Белгілісі, Ливияның жағажай күзеті 134 мигранттың өмірін аман алып қалды. Келімсектердің көбі – Африка елдерінен шыққандар.