386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Англияда дамбаның жарылу қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды

  • 156
  • UPD: 08:06, 04.08.2019
Англияда дамбаның жарылу қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды

Англияда дамбаның жарылу қаупіне байланысты Уэйли-Бридж қалашығының 6 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік өкілдерінің айтуынша, сыйымдылығы 11,5 миллион литр суды құрайтын бөгет толығымен жарылуы мүмкін. Осыған байланысты британдық инженерлер апатты жағдайдың алдын алуға барынша тырысып жатыр. Мамандар дамба қабырғасына түсетін қысымды азайту мақсатында суды ағызып жатыр. Бұған қоса, бөгетті қалпына келтіру үшін тікұшақ арқылы зақымданған жерлер құм және таспен толтырылуда. Өз кезегінде синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері аталған аймақта нөсер жаңбыр күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы