386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та тағы атыс: Огайо штатында қаскөй 9 адамды атып өлтірді

  • 159
  • UPD: 14:53, 04.08.2019
АҚШ-та тағы атыс: Огайо штатында қаскөй 9 адамды атып өлтірді Vesti.Ru

Американың Огайо штатында болған атыс салдарынан 9 адам көз жұмды. Тағы 16 адам зардап шеккен.

Бұл туралы RT хабарлайды.

«Атыс ашқан қаскөй көз жұмды. Кем дегенде 16 адам дене жарақаттарымен аудандық ауруханаларға жатқызылды», делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнында ФТБ жұмыс істеуде.

АҚШ-тың Дейтон қаласында көшелердің бірінде қаскөй адамдарға оқ атты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында да атыс болды. Техас губернаторы 20 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

 

Хабар 24 телеарнасы