385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-Қытай сауда соғысы Еуропаның қор биржасына әсерін тигізді

  • 131
  • UPD: 10:59, 06.08.2019
АҚШ-Қытай сауда соғысы Еуропаның қор биржасына әсерін тигізді

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-соғысының жаңа толқыны Еуропалық қор биржалары индексіне әсер етті. 

Stoxx Europe 600 атты ауқымды кәсіпорынның индексі сауда кезінде 1,94 процентке құлдыраған. Ұлттық көрсеткіштердің де жағдайы мәз емес. Тау-кен өндірісі мен технологиялық компаниялардың акциялары да төмендеп кеткен. Айта кетейік, дүйсенбі күні Қытай компанияларына АҚШ-тан ауылшарушылығы тауарларын имппортаудан бас тарту жөнінде бұйрық келді.  Ресми Бейжің бұл әрекетін Дональд Трамптың қытайлық тауарларға салған салығына жауап деп түсіндірді. Бұл орайда Қытай валютасы рекордтық деңгейге дейін арзандады. Бүгінде 1 доллар 7 юаньді құрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы