386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайваньда жойқын жер сілкінісі болды

  • 150
  • UPD: 15:55, 08.08.2019
Тайваньда жойқын жер сілкінісі болды

Тайваньның солтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,0 балдық жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпуден бірнеше ғимарат қираған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғат апатынан газ бен су құбырлары да зақымдалған. Елдің бірнеше өңірі жарықсыз қалды. Салдарынан аймақта теміржол қатынасы тежелді. Геологиялық қызметтің мәліметі бойынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат тоғыз жарымда тіркелді. Әзірге апаттан жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы