386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Миссисипиде мигранттарға қарсы операция өткізілді

  • 106
  • UPD: 09:14, 09.08.2019
Миссисипиде мигранттарға қарсы операция өткізілді

АҚШ-тың миграциялық қызметі Миссиписипи штатында ауқымды операция жүргізіп, 680 заңсыз мигрантты ұстады.

Қамауға алынғандар Латын Америкасынан келіп Америкада заңсыз жұмыс істеп жатқандар. Бұл 2008 жылдан бері жүргізілген ең ірі шара болды. Алайда сарапшылар операция штаттың экономикасы мен кей компаниялардың жұмысына кері әсерін тигізетінін айтады.

Еске сала кетейік, маусым айында президент Дональд Трамп елдегі заңсыз мигранттарды жаппай кері қайтару науқанын жүргізуге ниетті екенін мәлімдеген. Ал өткен айдың ортасында шараның басталғанын жариялады. Операция шеңберінде кем дегенде 2 мың келімсекті депортациялау жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы